Абай облысында полиция қызметкерін қорлаған азамат жауапқа тартылды
57 жастағы облыс тұрғыны алкогольдік мас күйде полиция қызметкерін, оның қызметтік міндеттерін орындау кезінде қорлаған. Аталмыш оқиға полиция бөлімі ғимаратында болған. Іс сот қарауына жолданды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үржар ауданының №2 аудандық сотының шешімімен ер адам билік өкіліне қатысты қорлау әрекеті үшін кінәлі деп танылып, оған 40 сағат міндетті қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды.
Абай облысы Полиция департаменті 2025 жылдың басынан бері облыс аумағында билік өкілдерін қорлау фактілерінің саны 19-ға жеткенін атап өтті. Бұл оқиғалар азаматтардың құқықтық тәртіпті сақтауы мен полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде оларға құрметпен қарауы қажеттілігін көрсетеді. Полиция департаменті тұрғындарды құқық тәртібін сақтауға шақырады және еске салады: полиция қызметкерлерін қорлау немесе олардың қызметіне кедергі жасауға бағытталған кез келген әрекет қолданыстағы заңнама аясында қатаң түрде тоқтатылатын болады. Сондай-ақ осындай құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңыздылығына назар аударады және азаматтарға даулы жағдайларды заңды жолмен шешуге, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылмауға кеңес береді.
#право, #Абайская область, #Полиция