Жаңа қорғаныс министрі тағайындалды
Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымынан босатылғаны хабарланған болатын