Олжас Бектенов Абай облысының активіне жаңа әкімді таныстырды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Абай облыстық мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі облыстық әкімдіктің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

Депутаттарға Мемлекет басшысының Абай облысының әкімі лауазымына екі кандидатты – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мен Абай облысы Курчатов қаласының әкімі Болат Әбдіралиевті ұсыну туралы хаты оқылды.


Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша 126 депутаттың 102-сі Берік Уәлидің кандидатурасына дауыс берді. Болат Әбдіралиевтің кандидатурасын 24 депутат жақтады.


ҚР Президентінің тиісті Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды.
#Абайская область, #назначения, #Аким области Абай