Бизнес және сервис жоғары колледжіне жаңа директор тағайындалды
Бизнес және сервис жоғары колледжінің директоры лауазымына Жүнісова Жанар Әубәкірқызы тағайындалды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жанар Жүнісова 1978 жылы 20 қазанда Аягөз ауданында дүниеге келген.
2005 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Кеден ісі» мамандығы бойынша,
2013 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Шетел тілі» мамандығы бойынша, 2020 жылы «Педагогика және психология» мамандығы бойынша тәмамдаған. Педагогика ғылымдарының магистрі,
Еңбек жолын 2000 жылы Аягөз аудандық білім бөлімінде бастаған. Кейін Семей қаласындағы бірқатар колледжде басшылық және педагогикалық қызметтер аткарды. Оның ішінде оқу ісі жөніндегі инспектор, кадр бөлімінің менгерушісі, арнайы пәндер оқытушысы, оқу бөлімінің меңгерушісі жэне директордын орынбасары лауазымдары бар.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Политехникалық колледжде директордың оку ісі жөніндегі орынбасары қызметін аткарған,
Жалпы еңбек өтілі — 23 жыл.
#Абайская область, #Знание, #назначения