Әскерде құқықбұзушылықтың алдын алу

Әскерде құқықбұзушылықтың алдын алу

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құқықбұзушылықтың алдын алудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтіп, заң мен тәртіп үстемдік құрған қауіпсіз мемлекетті құру қажеттігін ерекше айтты. Заңның үстемдігі — мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының негізі.
Еліміздің басым бағыты – Заң мен Тәртіпті мүлтіксіз сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың билік институттарына деген сенімін арттыру.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу – бұл әскери қызметшілер тарапынан әскери тәртіпті, заң мен жарғыны бұзудың алдын алуға, азайтуға және жол бермеуге бағытталған шаралар жүйесі. Бұл жұмыс Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетін сақтау және әскердің қоғам алдындағы оң имиджін қалыптастыру үшін аса маңызды.
Әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру олардың құқықтық мәдениетін және қызметке саналы көзқарасын қалыптастырады. Құқықбұзушылықтардың салдарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру аса маңызды.
Күн тәртібінің нақты құрылуы, казармалардағы тәртіптің сақталуы, қызметтік міндеттерді тиісті деңгейде орындау, бұйрықтардың орындалуын қатаң бақылау – мұның бәрі құқықбұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.

Әскери прокуратура «Әскерде Заң мен Тәртіп» және «Цифрлық профилактика» жобаларын әзірледі. Бұл жобалар жасанды интеллекті бар бейнебақылауды, есірткіге тестілеуді кеңейтуді, шағым қабылдайтын электронды терминалдарды орнатуды қамтиды. Аталған бағдарламалардың жүзеге асырылуы армияда құқықбұзушылықтардың азаюына және нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Соңғы бір жыл ішінде алдын алу шараларының саны артты: тексерулер, бейнебақылау, туыстармен және БАҚ өкілдерімен кездесулер. Шағымдар саны азайғанымен, жеке қабылдау көбейген. Бұл – құқық қорғау органдарына деген сенімнің артқанын көрсетеді. Алдын алу жұмысының тиімділігінің басты көрсеткіші – қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтардың азаюы.

Биыл Шығыс өңірінің әскери прокуратурасы ведомствоаралық кеңес өткізді. Онда әскери қызметшілер арасындағы өлім мен жарақат алудың, сондай-ақ демонстративті-шейіттік мінез-құлыққа, өз-өзіне қол жұмсауға бейім, өмірлік қиын жағдайға тап болған, депрессияға ұшыраған әскери қызметшілерді анықтап, оларды динамикалық бақылау тобына енгізу тапсырылды.

Соңғы жылдары Президент Қазақстан заң мен тәртіп сақталатын, әрбір азаматы өзін қауіпсіз сезінетін мемлекетке айналуы тиіс екенін баса айтты.
Біздің ортақ міндетіміз – еліміздің дамуы жолында бірлікпен, жанқиярлықпен еңбек ету. Қазақстан — Заң мен Тәртіп салтанат құрған қауіпсіз мемлекетке айналуы тиіс.

Әскери қызметтің қиындығы мен ауыртпалығын табандылықпен көтере отырып, әрбір әскери қызметші мемлекет оның қызметін, еңбегін жоғары бағалайтынын және өзі мен отбасына лайықты жағдай жасайтынын әрдайым есте ұстауы тиіс.

Шығыс өңірінің әскери прокуроры Д.О. Бөпежанов


#заң, #Президент, #прокуратура, #әскери қызметкер