Абай облысында құмды заңсыз өндіру фактісі әшкереленді

Абай облысында құмды заңсыз өндіру фактісі әшкереленді

 Екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс аяқтады,-деп хабарлайды abaidan.kz Абай облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі  департаментіне сілтеме жасап.

Олар 2023 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың қазаны аралығында Семей қаласы аумағында лицензиясыз құм өндіріп, оны сатқан.

Нәтижесінде күдіктілер заңсыз түрде 68 мың тоннадан астам құм өндіріп, мемлекетке 272 миллион теңге көлемінде залал келтірген.

Кейіннен құрылыс материалдарын өндіруші зауыттарға құмды өткізу жалған сәйкестік сертификаттарын пайдалана отырып, жеке кәсіпкерлер арқылы жүзеге асырылған.

Оны сатудан түскен қылмыстық табыс 150 млн теңгеден асты.

Күдіктілер осы қаражаттың бір бөлігінфронтальды тиегіш сатып алуға жұмсап, қосымша 6,2 млн теңге мөлшерінде табыстапқан.

Соттың санкциясымен күдіктілердің 181 млн теңгеден астам сомаға бағаланғанмүлкіне тәркілеу мақсатында тыйым салынды.

Мүліктердің қатарында 11 автокөлік, 2 пәтер, жер учаскесі және 17 миллион теңге көлеміндегі дебиторлық қарыз бар.

Іс айыптау актісін бекіту үшін прокурорға жолданды.


#заң, #Құқықтық тәртіп