Заң мен тәртіп 138 қаралымabaidan.kz

Семейде екі ойын-сауық орнының қызметі уақытша тоқтатылды

Семейде екі ойын-сауық орнының қызметі уақытша тоқтатылды

Қала прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған жасөспірімдерді түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз қабылдағаны үшін Семей қаласындағы екі ойын-сауық орнының қызметін тоқтату шараларын қабылдады. Атап айтқанда, «BohoMelnitsa» рестобарының қызметі 3 айға, ал «Camel» кафесінің қызметі 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін тоқтатылды. Бұған дейін аталған мекемелердің иелері осындай құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алайда бір жыл ішінде заңбұзушылықтар қайта тіркелген.

Осыған байланысты ойын-сауық орындарының иелерін заң талаптарын сақтауға және балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз,-дейді тәртіп сақшылары.