Құрылтай 152 қаралымabaidan.kz

Әлеуметтік желіге 16 жастан бастап: Қазақстан интернет кеңістігін қатаң реттемек

Әлеуметтік желіге 16 жастан бастап: Қазақстан интернет кеңістігін қатаң реттемек

Құрылтай отырысында онлайн-платформалар мен масс-медиа қызметін реттеуге бағытталған екі заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Жаңа бастамалар интернеттегі қауіпсіздікті күшейтіп, әлеуметтік желілерге, блогерлерге және медиа ресурстарға қойылатын талаптарды арттыруды көздейді.

Заң жобасындағы негізгі өзгерістер:

  • 16 жасқа толмаған балаларды әлеуметтік желілерге тіркеуге тыйым салынады. Бұл шектеу жедел хабар алмасу сервистеріне қатысты емес.
  • Шетелдік онлайн-платформалар Қазақстанда ресми өкілдіктерін тіркеуге міндеттеледі.
  • 5 мыңнан астам жазылушысы бар аккаунттар мен арналарды арнайы тізілімге енгізу ұсынылады.
  • Онлайн-курстарды ұсынатын авторлар өз білімін диплом немесе сертификат арқылы растауы тиіс.
  • Бал ашу, көріпкелдік және өзге де оккульттік қызметтер туралы контентте оның ғылыми дәлелі жоқ екені ескертілуі керек.
  • Заңсыз контентті таратқан және оны жою туралы талапты орындамаған платформаларға әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.
  • БАҚ пен онлайн-платформаларда балағат сөз қолданғаны үшін жауапкершілік қарастырылады.
  • Мемлекеттік органдардың ресми жауаптарын арнайы таңбалау талабы енгізіледі.

Депутаттардың айтуынша, өзгерістердің басты мақсаты – балаларды интернеттегі қауіп-қатерден қорғау, жалған ақпарат пен алаяқтықтың таралуын шектеу және цифрлық кеңістікте ортақ тәртіп орнату.

Айта кетейік, заң жобалары әзірге бірінші оқылымда ғана мақұлданды. Ал олардың күшіне енуі заңнамалық рәсімдердің толық аяқталуына байланысты.

Фото: Opennews.kz ЖИ.