Жарма ауданының даму әлеуеті жоғары
Бұл туралы Жарма ауданының әкімі Нұрлан Борсықбаев баспасөз – конференциясында айтты. Аудан әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2024 жылғы қорытындысы туралы ақпарат берді. Айтуынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіптік өнім өндірісі 26,5 пайызға артқан. Өңдеу өнеркәсібі саласында да өсім бар. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында жұмыс жүріп жатыр. Ауылшаруашылының жалпы өнімінің көлемі жаман емес. Тек жылқы басының кемуі байқалады. Ірі қара мен ұсақ малда өсім бар. Бұдан басқа өсімдік шаруашылығында да өнім жаман емес сияқты. Ал инвестиция бойынша алдағы уақытта жоспар көп. Оның орындалуы инвесторлар мен уақыттың еншісінде.
Аудан экономикасына бағытталған инвестицияның көлемі 69,073,0 млн.теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 5 909,0 млн.теңгеге немесе 7,9 пайызға кеміді. Облыстық нақты көлем индексі - 107,0 пайыз. Инвестиция көлемінде кәсіпорындар үлесі зор. Қазірде инвесторлар қарастырып жатырмыз. Май өңдеу зауытын ашуды қарастырудамыз. Бұған қосает және сүт өңдеу зауытын ұйымдастыру туралы келіссөздер жүргізілуде. Оған Шуақ ауылы ыңғайлы. Өйткені тоғыз жолдың торабында орналасқан. ,-деді аудан әкімі.
Құрылыс, жол жөндеу, абаттандыру бойынша да жарқын істер көп. Кәсіпкерліктің де тасы өрге домалап тұр. Әлеуметтік жағдай да жаман емес. Айтуынша, аудан бойынша орташа айлық табыс 349 266 теңгені құрайды екен. Бұған ірі кәсіпорындардың еңбекақысының жоғары болуы себеп көрінеді. Білім беру, денсаулық сақтауда да мәселе жоқ. Барлығы жоспар бойынша жұмыс жатыр. Осы ретте аудан әкімі брифингке қатысқан журналистердің сұрақтарына да жауап берді. БАҚ өкілдері инвестиция, тері өңдеу, пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару , жұмыртқа шығару, жарық, интернет т.б сынды сауалдарын қойды. «Арық айтып, семіз шық»,-дегендей Нұрлан Мұхамедрақымұлы кейбіріне қатысты әзірге нақты жауап айта алмайтынын,ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту бойынша тиісті шаруалардың жоспар бойынша атқарылып жатқанын жеткізді.
#Абайская область, #Жарминский район