Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Спорт 1 427 просмотровabaidan.kz

Футбольная сборная Казахстана разгромила Сан-Марино

Футболдан Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны жеңді

Футбольная сборная Казахстана разгромила Сан-Марино

Футболдан Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны жеңді. Есеп 3:1, деп хабарлайды abaidan.kz.

Футбольная сборная Казахстана разгромила Сан-Марино

Ислам Чесноков бірінші таймның 19-минутында қарсыластар қақпасына алғашқы голды соқты. Ол 51-минутта екінші голды салып, дубль жасады.

60-минутта Сан-Марино құрамасы Қазақстан құрамасына алғашқы голын соқты.  Абат Айымбетов Қазақстан - Сан-Марино матчында 90(+2) минутта пенальтиден үшінші голды соқты.

Футбольная сборная Казахстана разгромила Сан-Марино

Бұл - Қазақстанның Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі алтыншы жеңісі. Ойынды тамашалау үшін стадионға 30 100 жанкүйер жиналған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Марино командасына қарсы ойынына қолдау көрсету үшін "Астана Арена" стадионына барды. Президентпен бірге ұлттық құрамаға қолдау білдіру үшін даңқты спортшылар, спорт ардагерлері мен мәдениет қа ері де барды.

Футбольная сборная Казахстана разгромила Сан-Марино

Олардың арасында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген, мини-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикарду Фигейра Силва (Кака), футбол ардагерлері Михаил Гурман мен Вахид Масудов, бапкер Дмитрий Огай, олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин және тағы басқалары бар.