Ертең Үкімет отырысында қандай мәселелер қаралады

Ертең Үкімет отырысында қандай мәселелер қаралады

13 маусымда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресми хабарламада күн тәртібінде 2023 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, республикалық бюджеттің атқарылуы және мал шаруашылығын дамыту мәселелері қаралатыны жазылған.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter әлеуметтік желілерінен көруге болады. Сондай-ақ онлайн трансляция UKIMET Telegram-арнасында өтеді.


#мажилис, #сенат, #Расширенное заседание правительства