Референдум: 10 елде дауыс беру учаскелері ашылмайды
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев шетелде референдум өткізу дайындығына байланысты түсінік берді,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
— Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде референдум өткізу мәселелері бойынша арнайы штаб құрылды. Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың ушығуына, Украина мен Эфиопиядағы қауіпсіздік деңгейінің төмендігіне байланысты 10 елдегі 11 учаскенің жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды. Олардың арасында Қазақстан Республикасының Иран, Израиль, Иордания, Қатар, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопиядағы елшіліктер жанындағы, сондай-ақ Дубай қаласындағы Қазақстан Консулдығы жанындағы учаскелер жатады, — деді Ерлан Жетібаев министрліктегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, референдум кезінде 54 елде 71 учаске жұмыс істейді. Референдум кезінде 31 елдегі 68 бұқаралық ақпарат құралынан 185 өкіл хабар таратпақ.
#Референдум, #Конституционная реформа