Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Происшествия 1 260 просмотровabaidan.kz

Проведены совместные учения по тушению лесных пожаров

Ормандағы өртті өшіру бойынша бірлескен оқу-жаттығу өтті

Проведены совместные учения по тушению лесных пожаров

Абай облысының ТЖД мен «Семей орманы» табиғи орман резерваты «Қаштақ» орманшылығында ормандағы өртті өшіру бойынша бірлескен оқу-жаттығу өткізді,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Проведены совместные учения по тушению лесных пожаров

Оқу-жаттығудың сценариі бойынша орман шетінен өрт шығып, елді –мекендерге қауіп төндіреді. Бой бермей кеткен тілсіз жауды ауыздықтауға Төтенше Жағдайлар департаменті мен «Семей орманы» табиғи резерватының күш құралдары жұмылдырылады. Елді -мекенге тікелей қауіп төнгендіктен тұрғындардыкөшіру үшін жергілікті атқарушы органдар, полиция департаментінің қызметкерлері тартылады. 

Проведены совместные учения по тушению лесных пожаров

Мұндай оқу-жаттығуларды өткізудегі басты мақсат – әрбір мемлекеттік мекеменің өрт болған кездегі іс-әрекеттері мен техникасының дайындығын пысықтау. Айта кетерлік жайт, орман өртіне  күрделі жерден өте алатын техника ғана қатыса алады. Сондықтан ормандағы оқу-жаттығу барысында техниканың дайындығына баса мән беріледі. 

Проведены совместные учения по тушению лесных пожаров

Жалпы оқу-жаттығуға 1 тікұшақ, 11 өрт сөндіру техникасы, арнайы тракторлар  және жалпы саны отыздан аса өзге түрлі техника жұмылдырылды.

Проведены совместные учения по тушению лесных пожаров

Жыл басынан бері Абай облысында 182 орман өрті тіркеліп, 1 млрд 350 мың теңгеден аса шығын келтірілген. Ал ең ауқымды  өрт кезінде 60 мың гектар орман алқабы отқа оранып, 15 орманшы қаза тапқан болатын.  

Проведены совместные учения по тушению лесных пожаров

Табиғи өрттердің алдын-алу үшін  азаматтық қорғаныс, жергілікті полиция, орман мекемелерінің қатысуымен 15 мобильдік топ құрылды. Олар  адамдар мен көліктердің  орман аумағына енуін шектеу мақсатында 358 рейд жүргізіді. Нәтижесінде 40 адам әкімшілік жауапқа тартылып, жалпы сомасы 2 587 500 теңге айыппұл салынды. 

Проведены совместные учения по тушению лесных пожаров

Жаттығулардың қортындысы бойынша арнайы мекемелер жұмысындағы кемшіліктер мен басымдықтар назарға алынып, алдағы уақытта ескерілетін болады.