Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Конституционная реформа 2026 823 просмотровabaidan.kz

Новая Конституция: разъяснены статьи, касающиеся сферы образования и науки

Жаңа Конституция: білім мен ғылым саласына қатысты баптар түсіндірілді

Новая Конституция: разъяснены статьи, касающиеся сферы образования и науки

Семей қаласындағы жалпы білім беретін №38 орта мектепте облыстық коалиция мүшелері О. Сартаев пен Э. Жүрсінбекқызы білім ордасының ұжымымен арнайы кездесу өткізді. 

Новая Конституция: разъяснены статьи, касающиеся сферы образования и науки

Кездесудің негізгі мақсаты – жаңа Конституцияның мазмұны мен маңызын түсіндіру, сондай-ақ білім және ғылым саласына қатысты баптар туралы жан-жақты ақпарат беру.

Новая Конституция: разъяснены статьи, касающиеся сферы образования и науки

Шара барысында облыстық коалиция өкілдері жаңа Конституцияның қабылдануы еліміздің құқықтық жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды құжат екенін атап өтті. Олар Конституцияның преамбуласына ерекше тоқталып, оның мәні мен қоғамдағы рөлін түсіндірді. Пreamбулада мемлекетіміздің негізгі құндылықтары, демократиялық қағидаттары және азаматтардың бірлігі мен жауапкершілігі айқын көрсетілгені айтылды.

Новая Конституция: разъяснены статьи, касающиеся сферы образования и науки

Кездесу барысында білім және ғылым саласына қатысты баптарға да кеңінен тоқталынды. Қатысушыларға жаңа Конституцияда білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету, ғылым мен инновацияны дамыту, білім беру сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылғаны түсіндірілді. Сонымен қатар педагогтардың мәртебесін арттыру, білім беру жүйесін заманауи талаптарға сай дамыту бағытындағы нормалар жайлы да мәлімет берілді.

Новая Конституция: разъяснены статьи, касающиеся сферы образования и науки

Қатысушылар  қоғамның дамуы үшін жаңа Конституцияның маңызы зор екенін атап өтті.