Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Конституционная реформа 2026 597 просмотровabaidan.kz

Нововведения в Конституции обсудили в школе-интернате №3 Семипалатинска

№3 мектеп-интернатта Конституциядағы жаңашылдықтар талқыланды

Нововведения в Конституции обсудили в школе-интернате №3 Семипалатинска

№3 мектеп-интернатта ұстаздар қауымымен еліміздегі саяси реформалар мен жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістерді түсіндіруге арналған жиын ұйымдастырылды. Кездесуге өңірлік коалиция мүшесі Эльмира Жүрсінбекқызы қатысып, мұғалімдерге Конституциядағы негізгі өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ білім мен ғылым саласына қатысты жаңашылдықтар туралы жан-жақты ақпарат берді.

Нововведения в Конституции обсудили в школе-интернате №3 Семипалатинска

Жиын барысында қатысушыларға елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың маңызы мен олардың қоғам дамуына тигізетін әсері түсіндірілді. Әсіресе білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған өзгерістерге ерекше назар аударылып, жаңа Конституциядағы білім мен ғылым саласын қолдауға бағытталған бастамалар туралы айтылды.

Нововведения в Конституции обсудили в школе-интернате №3 Семипалатинска

Кездесу барысында мұғалімдер өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарымен бөлісті.  Сондай-ақ жаңа Конституция елдің дамуына тың серпін беретінін айтып, алдағы референдумға біркісідей қатысып, азаматтық белсенділік танытатындықтарын жеткізді.

Нововведения в Конституции обсудили в школе-интернате №3 Семипалатинска
Нововведения в Конституции обсудили в школе-интернате №3 Семипалатинска