Конституциялық өзгерістердің мемлекет қызметінің болжамдылығы мен дәйектілігіне ықпалы
Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекет қызметінің болжамдылығы мен дәйектілігін нығайтуға бағытталуы тиіс. Құқықтық реттеудің тұрақтылығы мен институционалдық сабақтастық балалардың құқықтарын қорғау жүйесінің тиімді жұмыс істеуінің маңызды факторы. Конституциялық реформаларды әзірлеу және іске асыру барысында олардың ұзақ мерзімді әлеуметтік-құқықтық салдарын, сондай-ақ балалардың құқықтары мен мүдделеріне ықпалын кешенді түрде бағалау қажет. Мемлекеттік шешімдердің бірізділігі балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге және құқықтық ортаның тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді,-дейді Абай облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Эльзира Жүнісова.
#Национальный Курултай, #Конституционная реформа