Берік Уәли: Референдумға қатысу – ел болашағы үшін маңызды қадам
Абай облысының әкімі Берік Уәли бейнеүндеу жариялап, 15 наурыз күні еліміз бойынша өтетін жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумға қатысудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл тарихи маңызы бар саяси науқан әрбір азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін көрсетеді. Аймақ басшысы референдум – халықтың өз пікірін білдіріп, мемлекет дамуының бағытын айқындауға мүмкіндік беретін маңызды демократиялық тетік екенін жеткізді. Сондықтан әрбір азамат белсенділік танытып, дауыс беру арқылы ел тағдырына бейжай қарамайтынын көрсетуі тиіс. Сондай-ақ облыс әкімі жаңа Конституция еліміздегі саяси жүйені жетілдіруге, қоғамдағы әділдік пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Бұл құжат «Әділетті Қазақстанды» қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болмақ. Абай облысының әкімі тұрғындарды 15 наурыз күні өтетін референдумға қатысып, елдің болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды.
#Абайская область, #Аким области Абай, #Референдум, #Конституционная реформа