Адамға сенім – конституциялық реформалардың негізгі қағидаты

Адамға сенім – конституциялық реформалардың негізгі қағидаты

Ең басты мәселе барлық реформалардың эпицентрінде адам, оның құқықтары мен бостандықтары тұруы тиіс. Бұл туралы  Alikhan Bokiekhan University тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Айрат Базенов пікір білдірді,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі. 

Мемлекет жүргізіп отырған кез келген саяси немесе институционалдық жаңғырудың түпкі мақсаты азаматтың қадір қасиетін қорғау, оның ел басқару ісіне тікелей әрі жанама түрде қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Демократиялық мемлекет бұл ең алдымен адамға сенетін мемлекет. Ал адамға сенім артылған жерде құқық , бостандық , жауапкершілік қатар жүреді. Бүгінгі реформалардың тарихи маңызы дәл осы сенімді институционалдық деңгейде бекітуінде.Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның жұмыс өзегі де осы осыны терең түсіну деп ойлаймын. 


#Абайская область, #Национальный Курултай, #Конституционная реформа