Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Общество 481 просмотровabaidan.kz

Незарегистрированная жизнь: село Джаркын в тупике

Тіркеуде жоқ тіршілік: Жарқын ауылы тығырықта

Незарегистрированная жизнь: село Джаркын в тупике

Семей қаласының дәл іргесінде орналасқан Жарқын ауылы бүгінгі күні құқықтық тұрғыда тығырыққа тіреліп отыр. Тұрғындардың айтуынша, елдімекен не қала құрамына, не Жаңасемей ауданының ресми құрамына енбеген. Соның салдарынан ауылдағы үйлер мемлекеттік тіркеу базасында көрінбей, халық баспанасын сата да, сатып ала да алмай отыр. Бұл туралы abaidan.kz ақпараттық агенттігі @һalykmuny ютуб арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Незарегистрированная жизнь: село Джаркын в тупике

Ауыл тұрғындарының бірі, жергілікті мектептің мұғалімі Мақпал Бейбітқызы бұл жағдайды өз басынан өткерген. Ол үйін 8 миллион теңгеге сатып, алайда сатып алушы құжаттарды рәсімдеу барысында баспананың мемлекеттік базада тіркелмегенін анықтаған. Нәтижесінде тараптар мәмілені бұзып, ақшаны кері қайтаруға мәжбүр болған.

Незарегистрированная жизнь: село Джаркын в тупике

Жарқын ауылында 125 түтін бар. Бұрын бұл елдімекен Приречное ауылдық округінің құрамында болған. Алайда қазір ауылдың әкімшілік мәртебесі нақты айқындалмаған. Тұрғындардың айтуынша, шенеуніктер бұл мәселе бойынша нақты шешім қабылдамай, тек құрғақ уәдемен шектеліп отыр. Ақыры ауыл халқы сегіз шақырым жердегі қала басшылығына өздері барып, мәселесін жеткізуге мәжбүр болған.

Незарегистрированная жизнь: село Джаркын в тупике

Ал қала әкімдігі өкілдері ауылдың 2011 жылдан бері Семей қаласының құрамына енгізілгенін алға тартады. Дегенмен мемлекеттік базадағы құжаттардың шықпау себебі әлі де тексеруді қажет етеді. Мамандар бұл жағдайды жан-жақты зерделеп, заң аясында шешуге уәде берді. Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаевтың айтуынша, Жарқын ауылының тұрғындарымен арнайы кездесу өткізілмек. Сонымен қатар 2024 жылы бекітілген қаланың бас жоспарына өзгерістер енгізіліп жатқанын, ауыл мәселесі сол өзгерістер аясында қарастырылатынын мәлімдеді.

Незарегистрированная жизнь: село Джаркын в тупике

Ал тұрғындар болса, Жарқын ауылын Жаңасемей ауданының құрамына ресми түрде қосуды талап етуде. Мамандар бұл мәселені шешуге уәде беріп тарқасқанымен, әзірге ауыл халқы үшін ең өзекті мәселе – баспаналарының заңды мәртебесінің анықталмауы болып отыр.