Семей қаласында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қалалық мәдениет сарайында кең көлемде аталып өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі. Мерекелік жиынға көпқабатты үйлердің күтімі мен басқаруына жауапты «ПИК» (Пәтер иелері кооперативі), «МИБ» (мүлік иелері бірлестігі), «ЖС» (Жай серіктестік) жетекшілері және сала ардагерлері шақырылды.


Бұл салада еңбек ету – үлкен жауапкершілік пен жанашырлықты қажет етеді. Қаланың тазалығы, тұрғын үйлердің жағдайы, инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуі – осы мамандардың күнделікті тынымсыз еңбегінің нәтижесі, Бұл шара аталмыш салада қажырлы еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегін бағалау мақсатында ұйымдастырылды,-дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Диана Шаяхметова.
Қатысушылар өзара пікір алмасып, кәсіби мерекені бірлесіп атап өтуге мүмкіндік алғандары үшін алғыс білдірді.

Мереке соңы қалалық мәдениет сарайы әртістерінің концертіне ұласты.






