Семейде 90 сарбаз ант қабылдады

Семейде 90 сарбаз ант қабылдады

Абай облысының Семей қаласында орналасқан 36803 әскери бөлімінде көктемгі шақырылымның 90 сарбазы салтанантты түрде ант қабылдады.

Маңызды рәсімге сарбаздардың ата-аналары, жақын туыстары мен достары қатысты. Жалпы саны 500-ден астам қонақ жас жауынгерлердің Отан алдындағы жауапты қадамын бірге тамашалады. Әскери ант қабылдаған сарбаздар биылғы көктемгі шақырылым аясында Абай және Павлодар облыстарынан әскер қатарына шақырылған болатын. Олар алғашқы әскери дайындықтан өтіп,әскери қызметтің қыр-сырын меңгерді.

Салтанатты жиында әскери бөлім басшылығы жас сарбаздарды маңызды шарамен құттықтап, әскери антқа адал болуға, әскери ьәрьіпьі сақтауға және Отан қорғаушысы деген жоғары мәртебеге лайық қызмет етуге шақырды. Өз кезегінде ата-аналар әскери бөлім басшылығына алғыстарын білдіріп, ұлдарыныңәскери қызмет барысында шыңдалып, жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасатынына сенім білдірді.

Әскери ант – әрбір жауынгердің өміріндегі ең маңызды әрі жауапты сәттердің бірі. Бұл күннен бастап жас сарбаздар Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ант берді.


#Абайский региональный гарнизон, #солдат, #присяга