Семей қаласының әуежайында қауіпсіздік ұйымдарының террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі
2025 жылдың 30 сәуірінде Семей қаласының әуежайында қауіпсіздік ұйымдарының террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі,- деп хабарлайды abaidan.kz Абай облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабына сілтеме жасап
Оқу іс-шарасы барысында терроризмге осал объектілердің күзет ұйымдарының және мүдделі мемлекеттік органдардың терроризм қаупінің дамуының әртүрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталады.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан осы іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
#Аэропорт, #ученье, #антитерроризм