Семей әскери қызметшілері Құрлық әскерлері күніне 15 шақырымдық жүгіру өткізді
Абай облысында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Қазақстан Республикасы Құрлық әскерлерінің құрылу күніне орай 15 шақырым қашықтыққа жүгіруді өткізді,- деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыс бағыты Қала жағалауынан «Бейбітшілік» аралына қарай өтті. Қашықтықтан жарысқа қатысушылардың қауіпсіздігін әскери автомобиль полициясының арнайы көлігі қамтамасыз етті.

Спорттық іс-шараға қатысушылар дене шынықтырудың жоғары деңгейін, төзімділік пен рух күшін көрсетті. Мұндай іс-шаралар жауынгерлік дайындықты нығайтуға, жеке құрамның физикалық төзімділігі мен ұйымшылдығын дамытуға бағытталған.


Жарыс патриотизм мен бірлік атмосферасында өтті, бұл әскери қызметшілердің әскери борышқа және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дәстүрлеріне адалдығының айқын дәлелі болды.
#Абайская область, #военный, #Абайский региональный гарнизон