Өскеменде су мен кәріз қызметінің бағасы өзгерді

Өскеменде су мен кәріз қызметінің бағасы өзгерді

Өскемен қаласында су мен кәріз қызметінің бағасы қымбаттады. «Өскемен Водоканал» кәсіпорнының мәліметіне сүйенсек, биыл қосылған құн салығының өсуіне байланысты су және кәріз қызметтері де қымбаттады,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі kaz.inform.kz-ға сілтеме жасап.

— Былтыр пәтерінде есептегіш құралдары бар тұрғындар үшін су құны (ҚҚС-ты қоса есептегенде) бір текше метріне 98,62 теңге, ал кәріз қызметі үшін 113,28 теңге болды. Енді есептегіштері бар тұтынушылар үшін төлем мөлшері артты. Нақты айтқанда, су үшін — бір текше метріне 102,14 теңге, кәріз қызметі үшін — бір текше метріне 117,32 теңге, — делінген ақпаратта. 

Ал есептегіш құралдары жоқ тұрғындар бұрын бір адамға ай сайын су үшін 749,89 теңге, кәріз үшін 1 223,15 теңге төлеген.

— Енді есептегіштері жоқ азаматтар бір адамға ай сайын су үшін 776,67 теңге, кәріз қызметі үшін 1 266,84 теңге төлейді, — делінген хабарламада.


#вода