Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Абай облысы бойынша департаменті мемлекеттікқызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылаужөніндегі уәкілетті орган болып табылады, жәнеөз құзыреттілігі шегінде мемлекеттік қызметтеркөрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іскеасырылуын қамтамасыз етеді.

Департаментпен 2025 жылы барлығы 32 тексеру жүргізілді. Оның ішінде 15-і жоспарлы, ал 17-сі жоспардан тыс тексерулер болды, яғни бұлтексерулер азаматтардың өтініштері негізіндежүргізілді. Тексеру нәтижесінде 2000-нан астамзаңбұзушылық анықталды. Олардың қатарындамемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсетпеу, негізсіз бас тартулар және өзге де бұзушылықтарбар.

Жүргізілген тексерулер нәтижесінде 28 қызметалушының құқықтары қалпына келтірілді.

Облыс аудандарының бірінде азаматтарға жеручаскелерін жалға алу мерзімін ұзартудан негізсізбас тартылған. Бұл жерде мәселе коммерциялықнысандарды, тұрғын үйлерді, аялдамакешендерін және гараждарға қызмет көрсетумақсатында жер учаскелерін пайдаланған 18 тұрғын туралы болып отыр. Департаменттіңұсынымы негізінде жалға алу мерзімдеріұзартылып, бүгінде азаматтар өз учаскелерінзаңды түрде пайдалануды жалғастыруда.

Мемлекеттік қызметтер әртүрлі салаларды, соның ішінде әлеуметтік бағытты да қамтиды. Департамент тарапынан көпбалалы отбасылармен атаулы әлеуметтік көмек алушылардыңқұқықтары қалпына келтірілді. Бұған дейін оларғажәрдемақы тағайындаудан негізсіз бас тартылғанболатын. Департаментпен қабылданған шараларнегізінде 5 азаматқа жалпы сомасы 1,2 миллион теңгеден астам мөлшерде тиесілі төлемдертағайындалды.

Бақылау тиімділігін арттыру мақсатындазаманауи құралдарды, атап айтқанда қызметберушілердің ақпараттық жүйелері арқылықашықтан мониторинг жүргізуді белсендіқолданамыз. Бұл азаматтардың ресми өтініштерінкүтпей-ақ заңбұзушылықтарды анықтауға жәнеолардың құқықтарын қорғау бойынша шараларқабылдауға мүмкіндік береді.

Мысалы, аудандардың бірінде көпбалалыотбасылардың өздері тұрып жатқан тұрғын үйдіжекешелендіру туралы өтініштері ұзақ уақытқараусыз қалған. Департамент аудан әкімінеұсынымдар жолдады, соның нәтижесіндеөтініштер жедел қаралды. Нәтижесінде 4 отбасытұрғын үйін жекешелендіріп, өз үйлерінің меншікиесі атанды.

Департамент алдағы уақытта да мемлекеттікқызметтердің сапасын арттыру, заңбұзушылықтарды анықтау және жою, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындажүйелі жұмысты жалғастырады.

ҚР Мемлекеттік қызметістері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті


#Закон и порядок, #Право