Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Общество 481 просмотровabaidan.kz

Зимнее обслуживание не на должном уровне: дороги страны покрыты утоптанным снегом и льдом.

Қысқы күтім талапқа сай емес: республикалық жолдар тапталған қар мен мұз басқан.

Зимнее обслуживание не на должном уровне: дороги страны покрыты утоптанным снегом и льдом.

Абай облысында жүргізілген тексеру нәтижесінде республикалық маңызы бар автожолдардағы қысқы күтіп-ұстау жұмыстары талапқа толық сай келмейтіні белгілі болды. Бұл туралы  abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы бойынша” Жол активтері сапасының ұлттық орталығы”  филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.   Жолдың жүру бөлігінде 4200 метрде тапталған қар, 3100 метр мұз, 500 метр еріген қар және 155 метр жолда мұз қатпары тіркелді. Сонымен қатар борпылдақ қар мен қар үйіндісі анықталды. Бұл жолдарда көліктердің қауіпсіз қозғалысына кедергі келтірген.

Зимнее обслуживание не на должном уровне: дороги страны покрыты утоптанным снегом и льдом.

Тексеру 16–17 ақпан күндері Абай облысы бойынша” Жол активтері сапасының ұлттық орталығы”  филиалы  мен республикалық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға жауапты  “КАЖсервис” ЖШС өкілдерінің қатысуымен өткен. Мақсат – республикалық трассалардағы қысқы күтім сапасын бағалау. Бақылау  «Алматы – Талдықорған – Өскемен” , “Шемонаиха – РФ шекарасы “ аралығында, сондай -ақ «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналмасы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы”,  «Өскемен – Семей» тас жолдарында жүргізілген.

Зимнее обслуживание не на должном уровне: дороги страны покрыты утоптанным снегом и льдом.

Нәтижесінде “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” мамандары анықтаған кемшіліктерге байланысты Анықталған кемшіліктерге байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ мен «КАЖсервис» ЖШС Абай облыстық филиалына ресми хат жолданды. Жолда анықталған  кемшіліктерді жолға жауапты мекемелер қысқа мерзімде жоюға міндеттелді.