Көктемдегі тосын сый: Абай облысында қар жауды

Көктемдегі тосын сый: Абай облысында қар жауды

Көктемнің жаймашуақ күндерін күткен жұрт үшін тосын сый — қар жауды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі. Абай облысы аумағында, нақтырақ айтқанда Жарма ауданына қарасты Шалабай ауылында қар түсіп, тұрғындарды таңғалдырды. Әлеуметтік желілерде ауыл тұрғындары көктем ортасында жауған қардың суреттері мен бейнелерін жарыса жариялап, әсерлерімен бөлісуде. 

Көпшілік үшін бұл көрініс күтпеген жағдай болғанымен, синоптиктер бұған дейін ауа райының күрт суытып, қар ұшқындауы мүмкін екенін ескерткен еді. Табиғаттың бұл тосын мінезі тек ауылмен шектелмей, өңірдің өзге бөліктерінде де байқалып отыр. Семей қаласында бүгін қар ұшқындап, ауа температурасы шамамен +1°C деңгейінде тіркелді. Көктемгі жылы күндерге үйрене бастаған қала тұрғындары үшін бұл да күтпеген жағдай болды. Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері де ауа райы құбылмалы болуы мүмкін. Кей жерлерде салқын жел соғып, мезгіл-мезгіл қар аралас жауын-шашын түсуі ықтимал. Көктемнің тосын мінезі табиғаттың әлі де өз дегенінен таймайтынын көрсеткендей. Сондықтан мамандар тұрғындарға ауа райының өзгерістеріне дайын болып, жылы киінуді ұсынады.


#Абайская область, #Прогноз погоды