Қазақстанда бес жаңа кәсіби мереке пайда болды

Қазақстанда бес жаңа кәсіби мереке пайда болды

Қазақстанда бес жаңа кәсіби мереке пайда болды, деп хабарлайды abaidan.kz  ақпараттық агенттігі Zakon.kz. сілтеме жасап. 2025 жылғы 30 шілдедегі бұйрығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы кәсіби мерекелер тізбесінің жаңа редакциясын бекітті.

Тізімге келесі мерекелер қосылды:

  • Қазақстан қолөнершілер күні – 7 шілде;
  • Табиғи монополиялар саласы қызметкерлері күні – 9 шілде;
  • Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкері күні – 15 қыркүйек;
  • Қоғамдық тамақтану саласы қызметкері күні – 20 қазан;
  • Қазақстан кәсіпкерлері күні – 29 қазан.

Сондай-ақ, Энергетиктер күнін атап өту күні желтоқсанның үшінші жексенбісінен 22 желтоқсанға өзгертілді.

Бұған қоса, бұрынғыдай кәсіби мерекелер тізбесіне келесі күндер де кіреді:

  • ҚР Ұлттық ұланы күні – 10 қаңтар
  • Қаржылық мониторинг органдарының күні – 28 қаңтар
  • ҚР азаматтық авиация қызметкерлерінің күні – 1 ақпан
  • Жерге орналастыру, геодезия және картография күні – наурыздың екінші сенбісі
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету саласы қызметкерлерінің күні – 7 сәуір
  • Геолог күні – сәуірдің бірінші жексенбісі
  • Ғылым қызметкерлері күні – 12 сәуір
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің күні – 16 сәуір
  • ҚР Мемлекеттік күзет қызметі күні – 21 сәуір
  • Байланыс қызметкерлері күні – 17 мамыр
  • Метрология қызметкерлері күні – 20 мамыр
  • Мәдениет және өнер қызметкерлері күні – 21 мамыр
  • Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні – мамырдың соңғы жексенбісі
  • Эколог күні – 5 маусым
  • Бәсекелестікті қорғау органы қызметкерлерінің күні – 7 маусым
  • Арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшісі және қызметкері күні – 9 маусым
  • Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні – маусымның екінші жексенбісі
  • Мал шаруашылығы қызметкерлерінің күні – маусымның екінші жексенбісі
  • Медицина қызметкерлері күні – маусымның үшінші жексенбісі
  • Полиция күні – 23 маусым
  • Мемлекеттік қызметші күні – 23 маусым
  • Судья және сот қызметкері күні – 24 маусым
  • Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні – 28 маусым
  • Дипломатиялық қызмет күні – 2 шілде
  • Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні – 9 шілде
  • Ветеринария қызметкерлерінің күні – 10 шілде
  • ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары күні – 13 шілде
  • Нотариат күні – 14 шілде
  • Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні – шілденің бірінші жексенбісі
  • Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні – шілденің екінші жексенбісі
  • Металлург күні – шілденің үшінші жексенбісі
  • Сауда қызметкерлері күні – шілденің төртінші жексенбісі
  • Теміржол көлігі қызметкерлерінің күні – тамыздың бірінші жексенбісі
  • Құрылысшы күні – тамыздың екінші жексенбісі
  • Шекарашы күні – 18 тамыз
  • Кенші күні – тамыздың соңғы жексенбісі
  • Аңшылық шаруашылығы қызметкері күні – қыркүйектің бірінші сенбісі
  • Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні – қыркүйектің бірінші жексенбісі
  • Бақылау-өлшеу құралдары және автоматика саласы қызметкерлерінің күні – қыркүйектің екінші жексенбісі
  • Атом саласы қызметкерлерінің күні – 28 қыркүйек
  • Әділет органдары қызметкерлерінің күні – 30 қыркүйек
  • Машина жасаушы күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі
  • ҚР жоғары білім беру қызметкерлерінің күні – 1 қазан
  • ҚР техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлерінің күні – 2 қазан
  • Мұғалімдер күні – 5 қазан
  • Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің күні – 6 қазан
  • Қазақстан кәсіподақтары күні – 10 қазан
  • Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан
  • Құтқарушы күні – 19 қазан
  • Орман шаруашылығы қызметкері күні – қазанның үшінші жексенбісі
  • Кітапханашы күні – 24 қазан
  • Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні – қазанның соңғы жексенбісі
  • Автомобиль көлігі қызметкерлерінің күні – қазанның соңғы жексенбісі
  • Автожол саласы қызметкерлерінің күні – қазанның соңғы жексенбісі
  • Күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні – 29 қазан
  • Сыртқы барлау күні – 5 қараша
  • Статистик күні – 8 қараша
  • Цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласы қызметкерлерінің күні – 10 қараша
  • Бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлерінің күні – 10 қараша
  • ҚР қаржы жүйесі қызметкерлерінің күні – 15 қараша
  • Бұрғылау шебері күні – қарашаның үшінші сенбісі
  • Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні – қарашаның үшінші жексенбісі
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша
  • Адвокатура күні – 5 желтоқсан
  • Прокуратура күні – 6 желтоқсан
  • Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні – 13 желтоқсан
  • ҚР Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні – 20 желтоқсан
  • Мұрағатшы күні – 22 желтоқсан

Бұйрық 17 тамыздан бастап күшіне енеді.


#праздник