Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Общество 717 просмотровabaidan.kz

На холме Караул широко отметили 180-летие великого поэта

Қарауыл төбеде ұлы ақынның 180 жылдығы кең көлемде аталып өтті

На холме Караул широко отметили 180-летие великого поэта

Ұлы дала данышпаны, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы Қарауыл төбеде кең көлемде аталып өтті. Бұл тарихи оқиға халқымыздың рухани жаңғыру жолындағы маңызды белесінің бірі .

На холме Караул широко отметили 180-летие великого поэта

Мерекелік шаралар Абайдың туған жері – Шыңғыстау баурайында, қасиетті Қарауыл төбеде ұйымдастырылды. Жиналған халықтың қарасы қалың – еліміздің әр аймағынан, сондай-ақ шетелден келген құрметті қонақтар мен Абай мұрасын ардақ тұтатын зиялы қауым өкілдері, өнерпаздар мен жастар бас қосты.

На холме Караул широко отметили 180-летие великого поэта

Шара барысында сөз сөйлеген Сенат төрағасы М. Әшімбаев пен облыс әкімі Б. Уәли Абайдың қазақ халқы үшін маңызын, оның мол мұрасын бүгінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті.

На холме Караул широко отметили 180-летие великого поэта


Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын атап өту — бұл тек бір күндік мереке емес. Бұл – ұлы ойшылдың аманатына адал болу, оның адамгершілік пен білімге, әділет пен ақиқатқа үндейтін мұрасын ұрпақ санасына сіңіру жолындағы үлкен қадам. Қарауыл төбедегі бұл мерейтой — Абай рухына көрсетілген зор құрметтің жарқын көрінісі.