Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Общество 383 просмотровabaidan.kz

Абайский районный общественный совет обсудил сезон Алаколь и летние каникулы детей

Абай облыстық қоғамдық кеңесінде Алакөл маусымы мен балалардың жазғы демалысы талқыланды

Абайский районный общественный совет обсудил сезон Алаколь и летние каникулы детей

Абай облысында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, өңір үшін маңызды бірқатар мәселелер қаралды. Жиынды кеңес төрағасы Мейрамхат Айнабеков ашты. Отырысқа кеңес мүшелері мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Абайский районный общественный совет обсудил сезон Алаколь и летние каникулы детей

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша жауапты сала өкілдері баяндама жасады. Атап айтқанда, Мақаншы ауданы әкімінің орынбасары Әлия Сарбаева ауданның 2026–2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына тоқталып, Алакөл жағалауында жазғы демалыс маусымын ұйымдастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды. Оның айтуынша, туристік инфрақұрылымды дамыту, демалушыларға қолайлы жағдай жасау – басты назарда.

Абайский районный общественный совет обсудил сезон Алаколь и летние каникулы детей

Кеңес мүшелері туризм саласындағы өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, инфрақұрылымды жетілдіру, санитарлық жағдайды жақсарту, жағалауды абаттандыру, медициналық қызмет көрсетуді күшейту және кәсіпкерлікті дамыту бағыттары кеңінен талқыланды.

Абайский районный общественный совет обсудил сезон Алаколь и летние каникулы детей

Сонымен қатар, отырыста балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі де назардан тыс қалмады. Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Құрманова баяндама жасап, 2026 жылғы демалыс маусымына дайындық барысын жеткізді. Кеңес мүшелері балалардың қауіпсіздігі, тамақтану сапасы және жазғы лагерьлермен қамтылу деңгейіне қатысты нақты сұрақтар қойды. Бұдан бөлек, өзен-көлдердегі қауіпсіздікті күшейту қажеттігі де ерекше атап өтілді.

Абайский районный общественный совет обсудил сезон Алаколь и летние каникулы детей

Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы да талқыланды. Бұл бағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев сөз сөйлеп, жаңа құжат аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, цифрлық бақылауды күшейту, қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметтердің ашықтығын арттыру бағыттары қарастырылып жатқанын атап өтті.

Абайский районный общественный совет обсудил сезон Алаколь и летние каникулы детей

Отырыс қорытындысы бойынша қаралған барлық мәселелерге қатысты тиісті ұсыныстар қабылданып, нақты тапсырмалар берілді.