Ет өндіру кешені Шақаманда салынбақ

Ет өндіру кешені Шақаманда салынбақ

Биыл Абай облысында инвестициялық 8 жоба іске асырылмақ. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Айбек Рахымбеков айтты. 

Оның айтуынша, аймаққа биыл 767 млрд теңге нвестиция тарту жоспарлануда. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша, инвестициялар көлемі 65 млрд теңгені құрайды. Биыл жалпы сомасы 30 млрд теңге болатын 8 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Ол 747 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермек. Соның бірі – Ет өндіру кешені.

- Жаңасемей ауданындағы Шақамен ауылы маңынан Ет өндіру кешенінің құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны - 7,2 млрд теңге. Инвесторы - «Eurasia Agro Semey» ЖШС. Компания басшылығы – осы өңірдің тумалары, сондықтан олар бұл жердің ерекшеліктері мен қажеттіліктерін өзгелерге қарағанда жақсы түсінеді. Қазіргі уақытта жобаны іске асыру үшін қажетті барлық шаралар қабылданып жатыр. Әрине, мәселелер де жоқ емес. Дегенмен, 2027 жылы зауыт іске қосылады деп жоспарланып отыр,-деді Айбек Рахымбеков.

Спикердің айтуынша инвесторлардың ет комбинаттарын салу саласында тәжірибесі бар. Өндірісте австралиялық технологияларды қолданбақ. Тіпті малдың мүйізінен кальций таблеткалары өндіріледі.


#Абайская область, #экономика, #Жанасемей