Бизнес форумдағы көрмеге Адал Ас компаниясының «AS TAL» коктейлі қойылды

Бизнес форумдағы көрмеге Адал Ас компаниясының «AS TAL» коктейлі қойылды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министріСерік Жұманғарин Қазақстан–Ауғанстан бизнес форумының ашылуына қатысты. 

Шараға өсімдік майы, макарон, күріштен бастап агродрондар мен аккумуляторларға дейінгі тауарларды ұсынған 50 қазақстандық компания қатысты,-деп хабарлайды  abaidan.kz ақпараттық агенттігі primeminister.kz сілтеме жасап.

«Ауғанстан Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы маңызды логистикалық хабқа айнала алады, ал Қазақстан – азық-түлік, технология, машина жасау, химия және IT өнімдерінің сенімді жеткізушісі бола алады. Алдымызға амбициялы, бірақ қолжетімді мақсат қойылды яғни, сауда айналымын қысқа мерзімде $3 млрд-қа дейін жеткізу. Бұл мақсатқа жету үшін тұрақты жеткізу арналары құрылып, өзара сауда номенклатурасы кеңейіп, инвестициялар мен кәсіпкерлік белсенділікке қолайлы жағдай жасалуы қажет», — деп атап өтті вице-премьер.

Бизнес форумдағыкөрмеде Адал Ас компаниясының «Ас Тал» өнімдері де ұсынылды. Бұл өнімдер Қазақстанның азық-түлік өнеркәсібінің сапалы әрі бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді.

Форумның алғашқы күнінің алдын ала қорытындысы бойынша шамамен $140 млн сомасына коммерциялық құжаттарға қол қойылды.


#Правительство, #Ас ТаL, #Адал Ас