Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Экономика 1 183 просмотровabaidan.kz

Система Кайдзен в компании «ADAL AS»

«ADAL AS» компаниясындағы Кайдзен жүйесі

Система Кайдзен в компании «ADAL AS»

Таяуда «ADAL AS» компаниясында Алматыдағы Кайдзен орталығының мамандары болып, тәжірибелерімен бөлісті.  «Кайдзен» жапон тілінен аударғанда "жақсылыққа бағыт алу, өзгеру" дегенді білдіреді. Бизнестегі "кайдзен" ұғымы — сатылым, басқару мен өндіріс саласын жетілдіру. Бұл үрдіске басшыдан бастап, қатардағы қызметкер де атсалысады. Басты идеясы — күннің текке өтпеуі. Ал, мақсаты — шығынсыз өндіріс.

Система Кайдзен в компании «ADAL AS»

«ADAL AS» компаниясындағы алғашқы күні бауырсақ цехындағы жұмыс барысы толығымен видеоға түсірілді. Ұжым болып жұмыста кездесетін мәселелер талқыланды. Екінші күні түсірілген видеоларға талдау жасалды. Командамен бірге секундтар саналып, хронометраж мәліметтерімен карта толтырылып, диаграмма жасалды. Нәтижесінде жұмыс барысындағы шығындар анықталды.

Система Кайдзен в компании «ADAL AS»

 

Система Кайдзен в компании «ADAL AS»
Система Кайдзен в компании «ADAL AS»

Айта кетерлігі, «Адал Ас» компаниясы Жапонияның Кайдзен жүйесін 5 жылдан астам уақыттан беріқолдануда. Бұл өндірісті үздіксіз жетілдіруге, жұмысты барынша жеңілдетуге және сапаға назар аударуға бағытталған. Биыл ұлттық өнім өндіретін компанияға 15 жыл.

Система Кайдзен в компании «ADAL AS»