"ADAL AS" компаниясы "Таза Қазақстан" акциясына қолдау көрсетті

Қазақстан бойынша өтіп жатқан "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында ұлттық өнім өндіруші "ADAL AS" компаниясының ұжымы сенбілікке белсене қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.

Компания қызметкерлері біркісідей жұмылып, мекеме ауласын қоқыстан тазартып, жасыл желекке күтім жасап, тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл шара ұжымның табиғатқа жанашырлықпен қарап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға деген ұмтылысын айқын көрсетті.

"Біз табиғатты қорғау – әр азаматтың парызы деп білеміз. Өзімізден бастасақ, болашақ ұрпаққа таза және қауіпсіз орта қалдыра аламыз. Сондықтан мұндай бастамаларды үнемі қолдап келеміз", – деді компания Құрылтайшысы Ермек Мезібаев.  

""ADAL AS"" компаниясы – еліміздегі отандық өнім өндірушілердің бірі ретінде тек сапалы әрі халал тағамдармен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілік танытатын мекеме ретінде де көпшілікке үлгі болып келеді.


#Семей, #Абайская область, #Акция" Таза Қазақстан", #Адал Ас