Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Образование 953 просмотровabaidan.kz

Команда Абайского района заняла второе место в республиканской олимпиаде образования

Абай облысының командасы республикалық білім сайысында ІІ орынды иеленді

Команда Абайского района заняла второе место в республиканской олимпиаде образования

Астана қаласында алғаш рет ұйымдастырылған «Оқу & математикалық сауаттылық: табысты синергия» атты республикалық мега жобада Абай облысының мұғалімдер командасы жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.

Команда Абайского района заняла второе место в республиканской олимпиаде образования
Команда Абайского района заняла второе место в республиканской олимпиаде образования

Ауқымды білім додасы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен «ZERDELI» ақыл-ой дамыту мектебінің бастамасымен өтті. Жобаның басты мақсаты – мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, оқу және математикалық сауаттылықты дамыту жолдарын жетілдіру, сондай-ақ пәндер арасындағы үйлесімді байланысты нығайту болды.

Команда Абайского района заняла второе место в республиканской олимпиаде образования

Республиканың түкпір-түкпірінен жиналған 100 қазақ тілі мен әдебиеті және 100 математика пәні мұғалімдері өзара білімдері мен тәжірибелерін сынап, интеллектуалдық жарысқа түсті.

Команда Абайского района заняла второе место в республиканской олимпиаде образования

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде жұптық форматта сынға түскен Абай облысының мұғалімдері – Уалихан Бердікенов, Ғайнолла Сейтуғали, Эльмира Каримова және Жаннұр Маденова үздік нәтиже көрсетіп, ІІІ орынды еншіледі.

Команда Абайского района заняла второе место в республиканской олимпиаде образования

Ал топтық кезеңде Абай облысының құрама командасы 20 аймақтың ішінен суырылып шығып, финалға жолдама алды. Шешуші сында жоғары дайындық пен үйлесімділіктің үлгісін көрсеткен команда жүлделі ІІ орынды қанжығасына байлады.

Команда Абайского района заняла второе место в республиканской олимпиаде образования

Сайысқа қатысқан №38 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Эльмира Каримова байқау туралы өз әсерімен бөлісті:

«Сайыс өте жоғары деңгейде өтті. Сайыстың ұйымдастырылуының өзі мен үшін өзгеше форматта, заманауи болды. Қатысушылар арасынан ой жүйріктігі мен логикалық ойлау, тапқырлықтың нағыз майданын сезіндім. Байқауда білім мен білік, зерде мен зият тоғысты. Бізге мықты қолдау көрсеткен Инновация орталығына және Айнұр Серғалиқызына алғысымды білдіремін», – деді ол.
Сайыстың жеңімпаздарын ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев арнайы марапаттап, ұстаздардың білім беру ісіндегі маңызды рөлін атап өтті.

Команда Абайского района заняла второе место в республиканской олимпиаде образования
Команда Абайского района заняла второе место в республиканской олимпиаде образования

Бүгін Абай облысына оралған жүлдегерлерді Семей теміржол вокзалынан әріптестері, қолдаушылары мен жақындары қуанышпен қарсы алды. Олар ұстаздардың бұл жеңісін білім саласындағы зор жетістік ретінде бағалап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.