Қайтарылған автивтердің 10 миллиард теңгеден астамы Абай облысына су тартуға бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен елімізде әлеуметтік маңызды инфрақұрылымдар салу жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы abaidan.kz ақпараттық агенттігі kaz.inform.kz сілтеме жасап.
Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Абай облысында сумен жабдықтау желілерін салуға 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.
Өңірде барлығы 21 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі – Семей қаласында. Сумен қамту жұмыстары ауылдық аумақтарды да қамтиды, атап айтқанда, облыстың Бородулиха, Үржар және Абай аудандарында сумен жабдықтау желілері жүргізіледі.
Бұл жобаларды жүзеге асыру – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, коммуналдық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған.
Нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректеріне сәйкес, сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу Семей қаласында 95,5%-ды, Абай облысының ауылдарында 95%-ды құрайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекеттің кепілдігімен қаржыландырылатын жобалар тізімі толықтырылған болатын.