Қазақстан Ресей мен АҚШ басшыларының кездесуін Украина бойынша диалогтың бастауы ретінде құптайды
Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуін Украина бойынша жоғары деңгейдегі келіссөздер үдерісінің бастамасы ретінде құптайды, деп хабарлайды Kazinform ҚР Президентінің кеңесшісі және баспасөз хатшысы Руслан Желдібайға сілтеме жасап.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи маңызы бар бұл саммит екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің, қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешуге, соның ішінде Украинадағы әскери қимылдарды тоқтатуға қатысты ортақ тәсілдерді табуға деген шынайы ұмтылысының арқасында мүмкін болды деп санайды, - деді Руслан Желдібай.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ пен Ресей президенттерінің Анкоридждегі әскери базада кездескенін хабарлаған едік. Сондай-ақ үш сағатқа жуық уақыт келіссөз жүргізген Трамп пен Путин келісімге келе алмағанын жазған болатынбыз.
#Ақорда, #Қазақстан, #АҚШ, #Ресей, #Украина