Тұрлыханов, Дайрабаев, Уәли Ұлттық Құрылтай құрамынан шығарылды
Ұлттық Құрылтайдың құрамына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ресми ақпаратта атап өтілгендей, Ұлттық құрылтай жұмысына жаңа қоғам өкілдері қосылды:
- ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева,
- "Қазақстан кәрістер қауымдастығы" ЗТБ төрағасы Юрий Шин,
- Қазақстанның Еңбек Ері, Семей қаласындағы № 7 мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шұқыжанова,
- ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев, Никита Шаталов,
- Zhubanov university басқарма-төрағасы, ректор Лаура Қарабасова,
- пара жеңіл атлетика бойынша спортшы Айсұлу Сүлейменова,
- дүнген этносының көшбасшысы Лугмар Буларов,
- "Азаттық рухы" ақпараттық агенттігінің тележүргізушісі, журналист Кристина Гринько тартылды.
#ҚР Президенті, #Ұлттық Құрылтай