Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Мәдениет 87 қаралымabaidan.kz

Жазғы археологиялық мектептің маңызы ерекше

Жазғы археологиялық мектептің маңызы ерекше

Шілде айының 17-26 күндері аралығында ШҚО тарихи-өлкетану музейінің "Бестерек" ғылыми-археологиялық базасында халықаралық деңгейдегі далалық археологиялық мектеп өтті. "Археологиялық пәнаралық әдістер" атты  бұл мектептің тарихи тұрғыдан берері мол. 
Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты, Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі және "Шәкәрім университеті" КеАҚ бірлесіп ұйымдастырған  жазғы мектеп аясындағы ауқымды шараға археология, антропология, мәдени мұраны зерттеу бағытында   ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысатын жоғары курс студенттері, магистранттар, PhD докторанттар, ізденісі мол жас ғалымдар қатысты. 

Жазғы археологиялық мектептің маңызы ерекше

Сондай-ақ археологиялық жазғы мектепке қызығушылық білдіргендер арасында Оңтүстік Корея, Түркия, Италия, Ресей ғалымдары, еліміздің жетекші ғылыми орталық өкілдері, студенттер мен ғылыми қызметкерлер бар. 
Мектептің бағдарламасы 4 негізгі бағыттағы теориялық дәрістер мен практикалық модульдерді қамтыды. Біріншісі ахеологиядағы ГАЖ технологиялар және деректерді тіркеу әдістері, екіншісі LiDAR тәсілімен түсірілім жасау, үшіншісі физикалық антропологиялық зерттеу болса, төртіншісі археозология-остеологиялық материалдармен жұмыс жасау. 


-Биылғы Besterek халықаралық археологиялық мектебіне қатысу мен үшін үлкен тәжірибе болды. Алғашқы күндері біз заманауи археологиялық технологиялармен таныстық. GIS және QGIS бағдарламаларымен жұмыс істеуді, дрон мен LiDAR құрылғыларын қолдануды үйрендік. Бұл технологиялардың археологиялық зерттеулерде қаншалықты маңызды екенін өз көзімізбен көрдік. Кейін антропология сабағында адам сүйектерін ажыратуды, олардың анатомиялық ерекшеліктерін анықтауды, жасы мен жынысын анықтау әдістерін меңгердік. Ал зооархеология бөлімінде жануар сүйектерінің атауларын, оларды бір-бірінен ажыратуды, жасын анықтауды үйрендік. Сонымен қатар тістерді кесіп, зертханалық талдау жасау үдерісіне қатысып, микроскоп арқылы зерттеу жұмыстарын жүргіздік.
Бұл мектептің ең ерекше тұстарының бірі – халықаралық орта болды. Біз Корея, Италия, Германия және Түркиядан келген қатысушылармен бірге білім алып, тәжірибе алмастық. Әртүрлі мәдениет өкілдерімен танысып, жаңа достар тауып, археологияға деген ортақ қызығушылығымыз бізді жақындастырды. Besterek археологиялық мектебі бізге тек теориялық білім ғана емес, нағыз практикалық тәжірибе де сыйлады. Осындай халықаралық ғылыми мектептердің ұйымдастырылуы – жас зерттеушілер үшін үлкен мүмкіндік. Мен бұл жобаға қатысқаныма өте қуаныштымын және ұйымдастырушыларға осындай пайдалы әрі шабыттандыратын тәжірибе үшін шынайы алғысымды білдіремін!-дейді Шәкәрім университетінің тарих кафедрасының 4 курс студенті Айжан Аманжолқызы.

Жазғы археологиялық мектептің маңызы ерекше
Жазғы археологиялық мектептің маңызы ерекше

Бағдарлама аясында далалық лагердегі оқу сабақтарымен қатар Шығыс өңірдің маңызды археологиялық ескерткіштеріне ғылыми танымдық экспедициялық сапарлар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Ақбауыр бірегей кешеніндегі ерекшеліктер, Қалба жотасындағы ежелгі қалайы кеніштері сияқты тарихи маңызы айрықша нысандарға жан-жақты талдау жүргізілді. 
Археологиялық жазғы мектеп жұмысы алдағы жылдарда да жүйелі жалғаса беретін болады.