«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты Абай облысының жас таланттарына берілді

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты Абай облысының жас таланттарына берілді

Абай облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының конкурсына Абай облысының қалалары мен аудандарынан дарынды жастардан 150-ге жуық өтінім келіп түсті. Конкурстық комиссия үздік 5 жобаны таңдап алды. Олардың әрқайсысы өз жобасын іске асыруға 1 миллион теңге иеленді,-деп хабарлайды 
abaidan.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Гранттар бизнес, медиа, мәдениет, ғылым және ақпараттық технологиялар сияқты 5 бағыт бойынша берілді.
Абай облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Арман Жемагулов жастарға қоғам ғана емес, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та үлкен сенім білдіретінін атап өтті.

- Мемлекет басшысы біздің жалынды жастарға сенетінін әрдайым айтып жүреді. Бүгінгі марапат-сіздердің жобаларыңыз үшін қоғамның сенімінің айқын көрсеткіші. Баршаңызға жаңа жетістіктер мен идеялар тілеймін, - деп атап өтті Арман Жемагулов.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері:

1. «Ғылым» бағыты бойынша - Чурина Юлия Алексеевна, 

2. «Бизнес» бағыты бойынша-Ербосын Бақдәулет Ерғалиұлы,

3. «Медиа» бағыты бойынша-Мурсалимова Замира Асқарқызы, 

4. «Мәдениет» бағыты бойынша-Аслан Алдоңғарұлы,

5. «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша - Маратов Нұрлыхан Сымбатұлы.


#Абай облысы, #жастар, #Тәуелсіздік