Мәдениет 48 қаралымabaidan.kz

Абай облысында 30 ауылдың кітапханасы жаңғыртылады: Абай ауданында алғашқысы пайдалануға берілді

Абай облысында 30 ауылдың кітапханасы жаңғыртылады: Абай ауданында алғашқысы пайдалануға берілді

Бүгін – Мұхтар Әуезовтің туған күні. Биыл жазушының туғанына 129 жыл толып отыр. Тұлғаның туған күнінде қаламгер дүниеге келген Абай ауданында бірқатар тағылымды шаралар ұйымдастырылды. 

Абай облысында 30 ауылдың кітапханасы жаңғыртылады: Абай ауданында алғашқысы пайдалануға берілді

Қарауыл ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы орталық кітапхананың жаңарған ғимараты ел игілігіне берілді. 

Абай облысында 30 ауылдың кітапханасы жаңғыртылады: Абай ауданында алғашқысы пайдалануға берілді
Абай облысында 30 ауылдың кітапханасы жаңғыртылады: Абай ауданында алғашқысы пайдалануға берілді

Кітапхананың ашылу рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрайымы, Қазақстан Халық кеңесі төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов, «TANA» қоғамдық қорының төрайымы Кәмила Лұқпанова, Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері Думан Орынбеков пен Мерей Қарт қатысты.

Абай облысында 30 ауылдың кітапханасы жаңғыртылады: Абай ауданында алғашқысы пайдалануға берілді

Абай облысында 30 ауылдың кітапханасы жаңғыртылады: Абай ауданында алғашқысы пайдалануға берілді

Салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеген аймақ басшысы кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, әсіресе, жас ұрпақты кітапқа баулу маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Абай облысында 30 ауылдың кітапханасы жаңғыртылады: Абай ауданында алғашқысы пайдалануға берілді

«2027 жылы ұлы қаламгердің туғанына 130 жыл толады. Сондықтан бүгінгі кітапхананың ашылуын біз алдағы мерейлі жылдың алғашқы  іс-шарасы басталды деп айтуымызға болады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқу мәдениетіне айрықша мән беріп келеді. Биыл Мемлекет басшысының Жарлығымен кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды. Демек, бүгін Қарауылда ашылып отырған жаңа кітапхана – ел көлемінде жүзеге асырылып жатқан рухани саясаттың нақты көрінісі. Осындай игі істің жүзеге асуы мемлекет, қоғам және қайырымдылық қоры арасындағы нәтижелі серіктестіктің айқын үлгісі. Осы ретте «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына,  жобаның операторы ретінде әр кітапхананың мазмұны мен жаңа келбетін қалыптастыруға атсалысқан «TANA» қорына ерекше алғысымды білдіремін», – деді Берік Уәли.

Жаңартылған кітапханалар базасында кітап оқуға басымдық беретін заманауи «Jaña Klub» қоғамдық орталықтары құрылады. Жоба аясында 2026-2027 жылдары Абай облысындағы 30 кітапхананы жаңғырту жоспарланған. 

Абай облысында 30 ауылдың кітапханасы жаңғыртылады: Абай ауданында алғашқысы пайдалануға берілді

Жобаның алғашқы кезеңінде жыл соңына дейін 15 кітапхана жаңартылып, ел игілігіне беріледі. Қарауыл ауылындағы М.Әуезов атындағы орталық кітапхана – осы ауқымды жоба аясында жаңғыртылған алғашқы нысан. Келесі жылы тағы 15 кітапхананы жаңарту көзделген.

Абай облысында 30 ауылдың кітапханасы жаңғыртылады: Абай ауданында алғашқысы пайдалануға берілді

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 15 кітапхананы заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуге және кітап қорын жаңартуға, «TANA» қоры жобалық басқаруға, кітапхана қызметкерлерін оқытуға және мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруға қаржы бөлді. Абай облысының әкімдігі ғимараттарды жөндеуге қолдау көрсетті.

Абай облысында 30 ауылдың кітапханасы жаңғыртылады: Абай ауданында алғашқысы пайдалануға берілді

 

«Бұл жерде әр адам өзіне керегін, өзіне ұнайтын дүниесін таба алады. Балалар сурет салып, кітап оқып, интеллектуалды ойындар ойнаса, ата-әжелер жастарға салт-дәстүрімізді үйретсе, жастар келіп кітап оқып, білімін жетілдірсе – қандай тамаша! Осылайша, кітапхана ауыл тұрғындарының бос уақытын мәдени әрі рухани тұрғыда тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін ортаға айналады. Ауылда да, қалада да адамдарға қажетті заманауи әрі қызықты мүмкіндіктер бірдей қолжетімді болуы тиіс. Біз осы бағыттағы жұмысымызды жалғастыра береміз », – деді «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрайымы Ләззат Шыңғысбаева.

Абай облысында 30 ауылдың кітапханасы жаңғыртылады: Абай ауданында алғашқысы пайдалануға берілді

«Jaña Klub» орталықтарында тұрғындардың кітап оқуына, білім алуына, шығармашылықпен айналысуына және бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасалады. Мұнда білім беру және мәдени шаралар, шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, 20-дан астам жаңа үйірме ашу жоспарланған. Жаңа кеңістіктер балалар мен жастарға ғана емес, барлық жастағы ауыл тұрғындарына арналған. Жоба аясында Қарауылдағы кітапхананың 3 қабаты толық жаңғыртылып, 5 үйірме ашылды. «TANA» қорының негізін қалаушы Камила Лұқпанова кітапханаларды жаңғыртуда олардың мазмұны мен қоғамдық рөлін жаңа деңгейге көтеруге басымдық берілгенін айтты.

«Кітапхананы жаңғырту – тек ғимаратты жөндеп, ішін жаңарту емес. Біз үшін ең маңыздысы оның мазмұнын өзгертіп, адамдар білім алуға, шығармашылықпен айналысуға, пікір алмасып, бірге уақыт өткізуге келетін заманауи орта қалыптастыру. Мұндай кеңістіктер кітап оқу мәдениетін нығайтып қана қоймай, жаңа идеялар мен бастамаларға жол ашып, жергілікті қауымдастық өмірінің маңызды бөлігіне айналады деп сенеміз», – деді қоғамдық қор төрайымы.

Абай облысында 30 ауылдың кітапханасы жаңғыртылады: Абай ауданында алғашқысы пайдалануға берілді