Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
ҚР Президенті 48 қаралымabaidan.kz

Тұрсын Жұртбай I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Тұрсын Жұртбай I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада ел дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады. Олардың қатарында Абай облысының тумасы, көрнекті ғалым, әдебиеттанушы, жазушы Тұрсын Жұртбай да бар. Қаламгерге I дәрежелі «Барыс» ордені берілді. Президент Тұрсын Жұртбайдың саналы ғұмырын ұлт руханиятын дамытуға арнап келе жатқанын атап өтті. Ғалымның қазақ тарихындағы ақтаңдақ тұстарды зерттеп, халықтың сана-сезімін жаңғыртуға қосқан үлесіне жоғары баға берді.

Тұрсын Жұртбай I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

 

«Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын терең зерттеп, жан-жақты дәріптеуге зор еңбек сіңірдіңіз. Абай – ұлттың рухани темірқазығы, өскелең ұрпақтың айнымас бағдары. Шын мәнінде, ұлы ойшылды тану – қазақты тану деген сөз. Сіз Мұхтар Әуезовтің және ұлт қайраткерлерінің мол мұрасы мен өнегелі өмірі туралы құнды ғылыми еңбектер жаздыңыз. Шоқтығы биік көркем шығармаларыңыз арқылы төл әдебиетіміздің құндылығын арттыра түстіңіз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.