Ұлттық құрылтай және конституциялық өзгерістер: жаңа басқару моделіне қадам

Ұлттық құрылтай және конституциялық өзгерістер: жаңа басқару моделіне қадам

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысына қатысты  "AMANAT" партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Қанат Әділбай пікір білдірді,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі. 

Конституциялық комиссияның екінші отырысы елдегі конституциялық реформаның мазмұндық әрі жауапты кезеңге өткенін айқын көрсетті. Алғашқы отырыстан бастап Комиссия жұмысының ашықтық пен жариялылық қағидаттарына негізделуі – қоғамның бұл үдерісті белсенді бақылауына және оған тікелей қатысуына мүмкіндік беріп отыр.

Комиссия төрайымы Эльвира Азимова атап өткендей, азаматтар мен сарапшылардан келіп түскен екі мыңнан астам ұсыныстың жүйеленіп, талқылауға шығарылуы реформаның шынайы қоғамдық сұранысқа сүйеніп жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Бұл – конституциялық өзгерістердің тек сарапшылар деңгейінде ғана емес, бүкіл қоғамды қамтыған кең диалог аясында қарастырылып жатқанын білдіреді.

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтқандай, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекет әрекеттерінің болжамдылығы мен дәйектілігін арттыруға бағытталған. Мұндай тәсіл құқықтық айқындықты күшейтіп, мемлекеттік институттардың тұрақты әрі жауапты жұмыс істеуіне негіз қалайды.

Екінші отырыс барысында «Құрылтай» және «Халық кеңесі» бөлімдерінің талқылануы қоғам мен билік арасындағы байланысты жаңа институционалдық деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам болып отыр. Жекелеген жұмыс секцияларында ұсынылған түзетулердің жан-жақты қаралуы реформаның формалды емес, мазмұнды түрде жүзеге асырылып жатқанын аңғартады.

Жалпы алғанда, Конституциялық комиссия алаңы елдің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртуға, қоғамдық келісімді нығайтуға және азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейтуге бағытталған маңызды қоғамдық институтқа айналуда. Алдағы отырыстарда бұл талқылаулар нақты әрі тиімді шешімдермен жалғасады деп сенемін.Сөз соңында президент парламенттік реформаның негізгі бағыттарын, бір палаталы парламентке өту, депутаттардың өкілеттіктерін кеңейту, әлеуметтік әділеттілікті сақтау, партиялық және өңірлік теңгерімді қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа Парламент жұмысының тәртібін айқындауды атап өтті. Сонымен қатар Конституцияны жетілдіру, вице-президент институтын енгізу, Халық Кеңесін құру және сайлау механизмдерін жетілдіру сияқты маңызды өзгерістердің іске асырылуы да көрсетілді.

Жалпы, Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзі елдің тарихи сабақтастығы мен ұлттық бірегейлігін сақтауға, әлеуметтік-экономикалық дамуға, цифрландыру мен инновацияларды енгізуге, демократиялық реформаларды тереңдетуге бағытталған нақты және ауқымды стратегиялық бағыттарды қамтыды.


#АМАНАТ партиясы, #Ұлттық Құрылтай, #Конституциялық реформа