«Теплокоммунэнерго» МКК ұжымына жаңа Конституция жобасы таныстырылды

«Теплокоммунэнерго» МКК ұжымына жаңа Конституция жобасы таныстырылды

Жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Жалпыұлттық коалиция мүшесі Нұргүл Таудың кездесуі «Теплокоммунэнерго» МКК ұжымымен жалғасты. Кездесу барысында коалицияның өңірлік филиалының мүшелері Қуаныш Сүлейменов пен Наталья Перцева спикер ретінде сөз сөйледі.

Нұргүл Тау өз сөзінде жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарына тоқталып, құжаттың елдің тұрақты дамуына, азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.


«Жаңа Конституция – еліміздің болашақ дамуының берік негізі. Бұл құжат қоғамдағы әділеттілікті нығайтып, әр азаматтың әлеуетін жүзеге асыруына жол ашады», – деді ол.

Коалицияның өңірлік филиалының мүшесі Қуаныш Сүлейменов азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуының маңыздылығына тоқталды. 

«Әрбір азаматтың дауысы – ел болашағына қосылған үлес. Сондықтан алдағы референдумға қатысып, өз азаматтық ұстанымымызды білдіруіміз маңызды», – деді ол.

Қайрат Смағұлов пен Наталья Перцева жаңа Конституция жобасының қоғамдағы бірлік пен жауапкершілікті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Олар бұл құжатты еліміздің дамуына жаңа серпін беретін маңызды қадам деп бағалап, әрбір азаматтың референдумға қатысуын ортақ болашаққа деген жауапкершіліктің көрінісі ретінде көрсетті.

Кездесу барысында спикерлер ұжым мүшелерін 15 наурызда өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырып, оның ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.


#Абай облысы, #Референдум, #Конституциялық реформа