Ұлттық киімдегі полицейлер: көші-қон қызметі күніне орай Қазақстанда символикалық флешмоб өтті

Ұлттық киімдегі полицейлер: көші-қон қызметі күніне орай Қазақстанда символикалық флешмоб өтті

Қазақстанда көші-қон қызметі күніне орай түрлі халықтардың ұлттық киімдерін киген полиция қызметкерлерінің қатысуымен имидждік флешмоб ұйымдастырылды.
Аталған акция көші-қон қызметінің негізгі миссиясын — көпұлтты қоғам жағдайында заңдылықты, қоғамдық тәртіпті және ашықтықты қамтамасыз етуді айқындады.
Іс-шараның басты мәні — көші-қон қызметінің шетел азаматтары үшін мемлекетпен алғашқы байланыс орнататын негізгі құрылымдардың бірі екендігін көрсету. Қызметкерлердің кәсібилігі мен көрсетілетін қызмет сапасы ел туралы алғашқы әсердің қалыптасуына тікелей ықпал етеді.
Флешмоб аясында полицейлер мәдени әртүрлілікті бейнелей отырып, Қазақстанның ашықтығын, түрлі халықтардың дәстүрлеріне деген құрметін және ұлтаралық келісім қағидаттарына адалдығын көрсетті.

Бастама құқық қорғау органдарына деген сенімді нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанның қауіпсіз, тұрақты және қонақжай мемлекет ретіндегі оң имиджін ілгерілетуге бағытталған.
Бүгінде көші-қон қызметі көші-қон үдерістерін реттеу, заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету және ұлттық мүдделерді қорғау бағытында стратегиялық маңызды міндеттерді атқарып келеді.


#Полиция, #көші-қон