Ш.Жанаева: Әр қазақстандық басты байлығымыз - бірлікті сақтауға тиіс

Ш.Жанаева: Әр қазақстандық басты байлығымыз - бірлікті сақтауға тиіс

Елордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтті. Жиынға еліміздің барлық өңірлерінен делегаттар қатысты. Оның ішінде Абай облысынан да өкілдер болды.

 Сессияда Мемлекет басшысы елдегі этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтау, бірлік саясатын нығайту мәселелеріне ерекше тоқталды. Президент Ассамблеяның қоғамдағы маңызды рөлін атап өтіп, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын басым бағыттарды айқындады.

Абай облысынан қатысқан делегация құрамында этномәдени бірлестік басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері болды. Солардың бірі – 2011 жылдан Семей қалалық ҚХА Достық үйі жанындағы этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Шағангүл Жанаева. 

Бірлестік қоғамдағы ұлтаралық татулық пен  келісімді нығайтудың маңыздылығын, Мемлекет басшысының қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған саясатын жан-жақты насихаттауға атсалысып келеді. 

Мемлекет басшысы қоғамда ұлтына қарай ерекшеленуге, оқшаулануға ұмтылған кез келген әрекетке, әсіресе, азаматтарды тіліне немесе мәдениетіне бола арандатуға, я болмаса кемсітуге мулде жол бермейтін орта қалыптастыру манызды екенін айтты. Елдегі бірлік пен тендік, тұрактылық пен тыныштық, бейбітшілік пен келісім Ассамблеяның жұмысына тікелей байланысты. Әр қазақстандық біздегі ең құнды байлығымыз - бірлігімізді сақтай білсін! Халкымыздың берекесі арта берсін!-деді этно-мәдени бірлестіктің төрағасы.

Делегаттың сөзінше, сессия аясында ұлттық бірлік пен татулықты нығайту жолындағы жаңа бастамалар талқыланып, еліміздегі тұрақтылықты сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті екені айтылған. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының бұл жолғы сессиясы ел бірлігін нығайтуға бағытталған мазмұнды диалог алаңына айналды.


#Абай облысы, #Ассамблея