Семейдегі аспалы көпір толықтай жөндеуден өтеді

Семейдегі аспалы көпір толықтай жөндеуден өтеді

Семей каласындағы  аспалы көпір алдағы күндері толықтай жөндеуден өтпек. Бұл тұралы Абай облысының экімі Берік Уәли өңірдің даму барысына арналған жиында мәлімдеді.

«Семей қаласындағы аспалы көпірдің қазіргі жағдайы — тұргындарды алаңдатып отырған маңызды мәселе. Мемлекет басшысы облысқа жасаған сапары барысында бұл нысанды қайта жаңғырту туралы нақты тапсырма берді. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Жақын күндері жөндеу жұмыстары басталады», — деді облыс әкімі.

Жөндеу аясында көпірдің ескі жабындысы толық алынып, жаңадан асфальт төселеді. Жумыстар шамамен 20-25 күнде аяқталады.

«Осы уакыт ішінде көлік қозгалысында белгілі бір шектеулер болады. Жол кептелісі туындайды деген қауіп бар. Дегенмен, тұргындар бұл уақытша қолайсыздықтарға тусіністікпен қарайды деп сенемін», — деп атап өтті Берік Уәли.

Жаңғырту жұмыстары аяқталған соң, Семейдің аспалы көпірі бұрынғыдан да қауіпсіз, заманауи және ұзак мерзімге төзімді болмак, 


#Семей, #көпір