Семейде Қазақстан халқының бірлігі күнінеорай «Бірлік жүгірісі» өтті
Семей қаласында 1 мамыр – Қазақстанхалқының бірлігі күні аясында кең көлемдегі «Бірлікжүгірісі» марафоны ұйымдастырылды. Жарысқакәсіби спортшылармен қатар әуесқой жүгірушілерде қатысты. Қатысушылар 5 және 10 шақырымқашықтықтардың бірін таңдай алды. ЖүгіруҚалалық офицерлер үйінің алдындағы алаңнанбасталып, Әуезов даңғылы бойымен өтті.

Мерекелік көңіл-күй, спорттық жігер жәнешуақты ауа райы бұл күнді нағыз жарқын әрі естеқаларлық оқиғаға айналдырды. Жарысқа жастар, спорт ардагерлері, мекеме қызметкерлері, оқушылар мен студенттер қатысты. Көптеген адамжарысқа жанұясымен және достарымен келіп, спортшыларды қолдап, бірлік рухын бірге бөлісті.

Семей қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қуат Исажанов мұндай шараларспортты насихаттап қана қоймай, халықтың бірлігімен достығын нығайтатынын атап өтті:
«Ең алдымен, барлық қатысушылардыҚазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын. Бүгінгі спорттық шара осы мерекеге және Қазақстанхалқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналыпотыр. Мұндай жарыстар еліміздің барлық өңіріндеөтіп жатыр, жалпы саны 20 мыңға жуыққазақстандық қатысады деп жоспарланған. Баршаңызға сәттілік тілеймін», – деді Қуат Исажанов.

Жеңіл атлетикадан ұлттық санаттағы төрешіИван Хижняков жарыс ережелері мен жүгірубағытын түсіндірді. Қатысушыларға жол сілтеп, дұрыс бағытты көрсетіп тұратын бақылаушылар да қашықтық бойында орналастырылды.

Мәреде қатысушыларды еріктілер мен жанкүйерлер қарсы алды. Барлық келушілер үшінмузыкалық қойылымдар мен фотозоналарұйымдастырылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мақтау қағаздары мен естеліксыйлықтар табысталды.
«Мен кәсіби спортшы емеспін, бірақ жүгірудіжақсы көремін. Бүгінгі жарыс – үлкен істің бір бөлігіболғандай сезім сыйлады. Ұйымдастыру өтежоғары деңгейде өтті, қатысушылар да көп. Баршақазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын», – деді жарысқа қатысушы Арман.
Семейдегі «Бірлік жүгірісі» спорттың адамбаласын біріктіретін күш екенін тағы бір мәртедәлелдеді – жасына, мамандығына немеседайындық деңгейіне қарамастан. Бұл жарыс жайғана спорттық шара емес, нағыз достықтың, жігердің және ұлттық бірліктің мерекесіне айналды.