Семейде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік шара өтті
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні Абай облысында кең көлемде аталып өтіп жатыр. БүгінСемейдегі Бейбітшілік аралында этномәденибірлестік өкілдері мен өнер ұжымдарыныңқатысуымен ауқымды мерекелік шара ұйымдастырылды.

Шара барысында түрлі ұлттың әндері мен билері шырқалып, театрландырылған көріністермен ұлттық киімдер шеруі болды. Облыс әкімі БерікУәли қала тұрғындарымен бірге қолөнербұйымдары мен этностар мәдениеті көрмесін, концерттік бағдарламаны және спорттықойындарды тамашалады.

Аймақ басшысы өңір тұрғындарын атаулымерекемен құттықтап, береке мен бірліктің, тұрақтылық пен татулықтың маңызын атап өтті.
«Бірлік пен татулық – өткеннен жеткен аманат, асыл мұра. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дегендана халқымыздың сөзі елдігіміздің темірқазығыболып келеді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқыАссамблеясының 34-сессиясында сөйлегенсөзінде: «Бейбітшілік пен тұрақтылық – тағдырдыңбізге бере салған сыйы емес. Бұл – бір ел, бірхалық болып атқарып жатқан қажырлы еңбектіңжемісі» деген болатын. Хакім Абайдың«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген ізгіұстанымын бойтұмар қылған абайлықтар бірқолдың саласындай, бір үйдің баласындай тату өмір сүріп келеді. Баршаңызды ұлыс пен ұлттыұйыстырған, тілек пен тілекті тоғыстырған маңыздымереке – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шынжүректен құттықтаймын»,- деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы өз сөзінде биыл Қазақстанхалқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойынлайықты деңгейде атап өту міндеті тұрғанын айтты. Мемлекет басшысының қолдауымен барлықөңірлер қатысатын «Абайға құрмет» республикалықакциясы аясында Маңғыстау облысы Семей қаласына Достық үйін салып беретінін жеткізді.

Бүгінде облысымызда 5 Достық үйі мен 46 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Жыл басынанбері жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында 400-ге жуық іс-шара өткізілді.
#Семей, #Қазақстан халқының бірлігі күні, #Берік Уәли