Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Қоғам 73 қаралымabaidan.kz

Достық пен қуанышқа толы жазғы демалыс

Достық пен қуанышқа толы жазғы демалыс

Жазғы демалыс кезінде Абай гарнизоны әскери қызметшілерінің балалары Балқаш қаласында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалып қайтты. 

Достық пен қуанышқа толы жазғы демалыс

Балалардың бұл сапары тек денсаулықтарын нығайтып, тынығуға ғана емес, жаңа достар тауып, жарқын әсер алуға да мүмкіндік берді. Лагерьде болған уақыт ішінде олар Қазақстанның әр өңірінен келген өз қатарластарымен танысып, достық қарым-қатынас орнатты. 

Достық пен қуанышқа толы жазғы демалыс

Демалушылар үшін мазмүнды әрі қыызықты бағдарлама ұйымдастырылды. Балалар түрлі викториналарға, зияткерлік және көңілді ойындарға, спорттық және шығармашылық іс-шараларға белсене қатысты. Әр күн қызықты оқиғаларға, жаңа таныстықтар мен әсерлерге толы болды. 

Достық пен қуанышқа толы жазғы демалыс

Демалыс аяқталған соң балалар үйлеріне оралды. Жаңа-Семей станциясында оларды ата-аналары асыға күтті. Перрондағы кездесу қуаныш пен толқынысқа толы болды. Балалар демалыс кезінде жақындарын сағынып, ата-аналары да перзенттерін тағатсыздана күткен еді. 

Достық пен қуанышқа толы жазғы демалыс

Жодан шаршағанымен, көңілдері көтеріңкі, әсерлері мол балалар туған-туыстарының құшағына қайта оралды. Олар «Балдәуренде» өткізген жазғы демалыстарынан көптеген жарқын естелік пен жақсы көңіл-күй алып қайтты.  

 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі